Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокста жетінші мәрте жеңіске жетті

Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокста жетінші мәрте жеңіске жетті

Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокста жетінші мәрте жеңіске жетті
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kz Боксшы АҚШ-тың Миннеаполис қаласында американдық Хайнелл Уилермен (7-1, 6 КО) қолғап түйістірді. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Бек қарсыласын нокаутпен сұлатып түсірді. Осылайша, Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы жетінші жегінде де жеңіске жетті. Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық Евгений Павлов мексикалық Алексис Салидоны, Абылайхан Жүсіпов мексикалық Эдгар Рамиресті нокаутпен жеңді. Одан бұрын аталған рингте Әбілхан Аманқұл жеңіске жетті.