«Халық өзгерісті күтіп отыр» – мәслихат депутаты

«Халық өзгерісті күтіп отыр» – мәслихат депутаты

«Халық өзгерісті күтіп отыр» – мәслихат депутаты
ашық дереккөзі
Қостанай облыстық мәлихатының депутаты Қырмызы Жанбыршина референдум нәтижесінен қостанайлықтардың зор үміті барын жеткізді деп жазды turkystan.kz.
«Күллі халқымыз көз тігіп, үлкен үміт артып отырған саяси реформаның бірі – бүкілхалықтық референдум бүгін  өтіп жатыр. Тұңғыш рет конституциялық өзгерістер халықтың тікелей қатысуымен қабылдануда. Жалпы, мемлекет үшін халықтың сенімінен, халықтың тілегінен артық ештеңе жоқ деп ойлаймын. Халықтың  сенімі – шын мәнінде қоғамның қозғаушы күші. Халық өзгерісті күтіп отыр. Бүгінгі күн - осы өзгеріс пен жаңашылдықтың бастамасы. Мемлекет басшысы  заң алдында бәрі тең болсын деп, келешек үшін өте маңызды қадам жасады деп санаймын», - деді мәслихат депутаты.
Сондай-ақ ол түсіндіру жұмыстары кезінде халыққа саяси реформа мен референдум жайында насихат жұмыстары жүргізілгенін айтты.
«Ендігі кезекте, азаматтарымыздың дұрыс шешім қабылдауы өз құзырларында. Мен бүгін дауысымды беріп, өзімнің азаматтық борышымды атқардым. Мен даусымды елімнің болашағы үшін, балаларымның келешегі үшін бердім. Қарт ата-анамды, бауырларымды сайлау учаскесіне алып бардым, ол кісілерде өз таңдауларын жасады. Партияның Республикалық штабының  мүшесі ретінде, 2 референдум сайлау учаскелерін қарап шықтым. 14 мектепке орналасқан сайлау учаскесі барлық талаптарға сай жабдықталған. Тұрғындар үшін арнайы буфет жұмыс істеп тұр. Кезекші медбике  өз қызметін ұсынуға дайын. Ғимаратта ойнап тұрған отандық әуендер, сайлаушыларға әдемі көңіл-күй сыйлауда. Жастар сарайында орналасқан 857 учаскесі де барлық талаптарға сай жұмыс істеп тұр. Бақылаушылар өз жұмыстарын атқарып отыр , ешқандай тәртіп бұзушылық тіркелмеген. Сайлау учаскелеріне легімен келіп, дауыстарын беріп жатқан үлкен-кіші жерлестерімізді көріп, еліміздің болашағына деген сенімім нығая түсті десем де болады», - дейді Қырмызы Жанбыршина.