«Президент келешек үшін маңызды қадам жасады» – Бибігүл Аққожина

«Президент келешек үшін маңызды қадам жасады» – Бибігүл Аққожина

«Президент келешек үшін маңызды қадам жасады» – Бибігүл Аққожина
ашық дереккөзі
AMANAT  партиясы Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бибігүл Аққожина референдумға қатысты пікір білдірді деп жазды turkystan.kz.
«Бүгін ерекше жексенбі. Тарихи күн. Бүгінгі өтіп отқан конституциялық референдум тұтас мемлекеттің, бүкіл ұлтымыздың болашағына әсер ететін, жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күн деп айтуға толық негіз бар.  Қоғамдағы күрмеуі шешілмей жатқан күрделі мәселелер көбейіп кетті. Сол себепті Президент сөзден іске көшіп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя отырып, осындай маңызды шешім қабылдады», - деді Бибігүл Аққожина.
Оның айтуынша, бүгінгі референдум алдағы үлкен өзгеріс пен жаңашылдықтың бастамасы.
«Ел президенті келешек үшін маңызды қадам жасады деп санаймын. Саяси трансформация барлық адамның мүддесі үшін қажет. Ал адам өзінің заңда көрсетілген құқықтарын қалай пайдаланады, ол оның ынтасы мен белсенділігіне байланысты. Еліміздің болашаққа өзгерісі осы референдумға байланысты. Мен бүгін дауыс беріп, өз борышымды атқардым», - деді AMANAT  партиясы Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы.