Абылайхан Жүсіпов қарсыласын нокаутқа жіберді

Абылайхан Жүсіпов қарсыласын нокаутқа жіберді

Абылайхан Жүсіпов қарсыласын нокаутқа жіберді
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді деп хабарлады turkystan.kz Қазақстандық Абылайхан Жүсіпов АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Ол мексикалық Эдгар Рамиресті тізе бүктірді. Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта Абылайханның қарсыласын нокаутқа түсіруімен аяқталды. Айта кетсек,  Абылайхан Жүсіпов 1997 жылы дүниеге келген. Ол әуесқойлар арасында үш дүркін (2017,2019, 2021) әлемнің қола жүлдегері. Сонымен қатар, 2017 жылы Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды.