«Дауыс беру процесі өте жақсы ұйымдастырылған» - Аймағамбетов

«Дауыс беру процесі өте жақсы ұйымдастырылған» - Аймағамбетов

«Дауыс беру процесі өте жақсы ұйымдастырылған» - Аймағамбетов
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов референдумға барып, өз таңдауын жасады деп хабарлады turkystan.kz. Министр бұл күн еліміз үшін тарихи күндердің біріне айналатынына сенім білдірді және дауыс беру процесі жақсы ұйымдастырлғанын атап өтті.
«Референдумға қатысып, өз учаскемде дауыс бердім. Жалпы дауыс беру процесі өте жақсы ұйымдастырылған. Сайлаушылардың белсенді қатысуына қарамастан, комиссия мүшелері жұмыстарын тиянақты істеп жатыр. 2022 жылғы 5 маусым Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің біріне айналатынына сенімдімін» - деді министр.