Қай қала тұрғындары референдумда белсенділік танытуда?

Қай қала тұрғындары референдумда белсенділік танытуда?

Қай қала тұрғындары референдумда белсенділік танытуда?
ашық дереккөзі
Орталық референдум комиссиясы қазақстандықтардың қанша проценті референдумға келгенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша референдум учаскелерінде бюллетеньдерді дауыс берушілердің жалпы санының 28,59 проценті алды. Ең жоғары белсенділік Шымкент қаласында байқалып отыр», - деді ОРК мүшесі Сабила Мұстафина.
Айта кетсек, республика бойынша барлығы 11 722 536 адам дауыс беруге құқылы. Өңірлер бойыншареферендумда дауыс беру белсенділігі: Нұр-Сұлтан қаласы – 24,18% Алматы қаласы – 13,91% Шымкент қаласы – 34,19% Ақмола облысы – 26,63 % Ақтөбе облысы – 25,62% Алматы облысы – 28,53% Атырау облысы – 29,87 % Батыс Қазақстан облысы – 32,20% Жамбыл облысы – 32,16% Қарағанды облысы – 33,56% Қостанай облысы – 30,14% Қызылорда облысы – 28,87% Маңғыстау облысы – 23,67% Павлодар облысы – 33,14 % Солтүстік Қазақстан облысы – 34,17% Түркістан облысы – 33,15% Шығыс Қазақстан облысы – 29,88%.