Қай қала тұрғындары референдумда белсенділік танытуда?
Қай қала тұрғындары референдумда белсенділік танытуда?
Орталық референдум комиссиясы қазақстандықтардың қанша проценті референдумға келгенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша референдум учаскелерінде бюллетеньдерді дауыс берушілердің жалпы санының 28,59 проценті алды. Ең жоғары белсенділік Шымкент қаласында байқалып отыр», - деді ОРК мүшесі Сабила Мұстафина.
Айта кетсек, республика бойынша барлығы 11 722 536 адам дауыс беруге құқылы.
Өңірлер бойыншареферендумда дауыс беру белсенділігі:
Нұр-Сұлтан қаласы – 24,18%
Алматы қаласы – 13,91%
Шымкент қаласы – 34,19%
Ақмола облысы – 26,63 %
Ақтөбе облысы – 25,62%
Алматы облысы – 28,53%
Атырау облысы – 29,87 %
Батыс Қазақстан облысы – 32,20%
Жамбыл облысы – 32,16%
Қарағанды облысы – 33,56%
Қостанай облысы – 30,14%
Қызылорда облысы – 28,87%
Маңғыстау облысы – 23,67%
Павлодар облысы – 33,14 %
Солтүстік Қазақстан облысы – 34,17%
Түркістан облысы – 33,15%
Шығыс Қазақстан облысы – 29,88%.