Ақтөбе қаласында дауыс беруге көпбалалы отбасы келді

5 маусым, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Ақтөбе қаласында дауыс беруге көпбалалы отбасы келді Ақтөбеде 21 баланы тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты Амангүл мен Өмірхан Жетесовтер референдумға қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Балалардың үшеуі - өз баласы болса, қалғанын асырап алған. Отбасында ата-анасымен бірге 10 сайлаушы бар. Данияр мен Көркемай Жетесовтер алғаш рет дауыс береді, биыл олар 18 жасқа толды.