«Қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұр» – Тоқаев

«Қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұр» – Тоқаев

«Қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұр» – Тоқаев
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алда бүгін дауыс беріп жатқан Конституцияны іске асыру керек екенін және қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ол референдумда өз таңдауын жасағаннын кейін берген сұхбатында айтты.
«Алда үлкен жұмыс бар. Бүгін өзгерістер енгізуге дауыс беріп жатқан Конституцияны іске асыру керек. Атап айтсақ, партияларға, Парламентке қатысы бар заңнамаларға өзгеріс енгізілмек. Парламентіміз бұл міндетті абыроймен атқарады деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысы.
Президент халық дауыс беріп жатқан түзетулер елдің қоғамдық өміріне үлкен өзгерістер енгізуді көздейтінін айтты.
«Түптеп келгенде мемлекет пен қоғамның арасындағы қатынастың парадигмасы өзгереді, адам құқықтары бірінші орынға шығады. Бұл - аса маңызды. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен жаңа мәртебеге ие болады. Омбудсмен Конституциялық Сотқа жүгіне алады. Ол орган да біз үшін жаңа институт», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.