Шетелдегі дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады

Шетелдегі дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады

Шетелдегі дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады
ашық дереккөзі
Жапония мен Корея Республикасында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда өздерінің дауыс беру конституциялық құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап. Референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандық Токио қаласында жақында 18 жасқа толған жас сайлаушы Алижан Салиев болды. Бұл оның алғашқы сайлауы және өзінің құқығын қуана жүзеге асырды.
«Мен жақында 18 жасқа толдым және осындай тарихи оқиғаға алғаш рет қатысу мен үшін өте қызықты. Оған қоса бұл үлкен жауапкершілік, өйткені менің дауысым да Конституцияны жаңартуда ескерілетін болады. Мен Қазақстанның Жапония сияқты дамыған елге айналғанын қалаймын», - деді Әлижан.
Оңтүстік Кореяның астанасындағы № 258 учаскеге алғаш болып қазақстандық отбасы Кәкім Данабаев пен Аруна Жәнібек келді. Олар Сеулде 10 жылдан астам уақыт тұрып, бизнеспен айналысады.
«Мен корей серіктестеріммен бизнес жүргіземін. Олардың өз еліндегі жағдайды қалай талқылайтындарын, саяси өмірге белсенді қатысатынын жиі көремін. Сондықтан соңғы 10 жыл ішінде мен бірде-бір сайлауды өткізіп алған жоқпын. Бұл жолы да өз дауысымды беруге келдім, өйткені референдумға қатысу біздің азаматтық парызымыз. Біздің дауысымыз - балаларымыздың болашағы», - деді кәсіпкер.
Сонымен қатар Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Джакарта, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады. Бішкек, Ташкент, Ашхабад және Душанбеде сайлау учаскелері ашылды.