Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы қадамын жеңіспен бастады

Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы қадамын жеңіспен бастады

Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы қадамын жеңіспен бастады
ашық дереккөзі

Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады деп хабарлады turkystan.kz.

Боксшы кәсіпқой рингке алғашқы қадамын АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы бокс кешінде бастады. Ол америкалық Девонте Макдональдпен (1-0, 1 КО) шеберлік сынасты. Орта салмақтағы боксшылардың жекпе-жегі төрт раундқа жоспарланған болатын. Әбілхан қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша жерлесіміз кәсіпқой бокстағы қадамын жеңіспен бастады. Әбілхан Аманқұл 1997 жылы дүниеге келген. Әуесқой бокста 2017 жылы әлем чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері.