Әшімбаев референдумда өз таңдауын жасады

5 маусым, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Әшімбаев референдумда өз таңдауын жасады Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық референдумға қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Сенат спикері Ұлттық академиялық кітапханадағы 111-учаскеде дауыс берді.
«Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Жалпыұлттық референдум барлық облыста өтіп жатқанын білесіздер. Оған үлкен дайындық  жұмыстары жасалды. Дайындық жұмыстары ашық әрі әділ ұйымдастырылды деп айтуға болады», - деді Әшімбаев.
Аталған учаскеде 10 халықаралық бақылаушы,10 БАҚ өкілі және 9 қоғамдық ұйым бар. Референдумның бұл учаскесінде осыған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Аида Балаева дауыс берген болатын.