Әшімбаев референдумда өз таңдауын жасады

Әшімбаев референдумда өз таңдауын жасады

Әшімбаев референдумда өз таңдауын жасады
ашық дереккөзі
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық референдумға қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Сенат спикері Ұлттық академиялық кітапханадағы 111-учаскеде дауыс берді.
«Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Жалпыұлттық референдум барлық облыста өтіп жатқанын білесіздер. Оған үлкен дайындық  жұмыстары жасалды. Дайындық жұмыстары ашық әрі әділ ұйымдастырылды деп айтуға болады», - деді Әшімбаев.
Аталған учаскеде 10 халықаралық бақылаушы,10 БАҚ өкілі және 9 қоғамдық ұйым бар. Референдумның бұл учаскесінде осыған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Аида Балаева дауыс берген болатын.