Жаңалықтар

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов референдумда дауыс берді

ашық дереккөзі

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов референдумда дауыс берді

Нұр-Сұлтан қаласында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов референдумға ең алғашқылардың бірі болып барды деп хабарлады turkystan.kz Премьер-министр Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді. Жалпы, Қазақстанда 10 мыңнан астам дауыс беретін учаске жасақталған. Ондағы жұмыс таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жалғасады.  Жалпы референдумға қатысуға 12 миллионға жуық дауыс беретін азамат тіркелген. Еске салсақ, Қазақстанда референдум арқылы Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.