Референдум. Қазақстанның 12 өңірінде дауыс беру басталды

Референдум. Қазақстанның 12 өңірінде дауыс беру басталды

Референдум. Қазақстанның 12 өңірінде дауыс беру басталды
ашық дереккөзі
Қазақстанның он екі өңірінде референдум учаскелері ашылды. Сонымен қатар он шет мемлекетте де дауыс беру басталды деп хабарлады turkystan.kz.
«Таңғы 07.00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 089 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Сонымен қатар 10 шет мемлекетте Қазақстанның өкілдіктері жанынан 12 учаске ашылды. 36 учаскеде аумақтық комиссиялардың шешімімен дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы 06.00-де басталды», - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Уақыт белдеуіне байланысты бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат 07.00-де, яғни елорда уақытымен таңғы сегізде басталады.
Республика бойынша барлығы 10 012 референдум учаскесі құрылды. Ал 52 шет мемлекетте 65 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Айта кетспк, бүгін, 5 маусым Конституцияға түзетулер енгізу жөнінде жалпыхалықтық референдум.
5 облысты қоспағанда, елдің басым бөлігінде референдум учаскелері Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы жетіде ашылды.
18 жасқа толған қазақстандықтар кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады. Азаматтардың өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек. Кешкі сағат 20.00-де референдум учаскелері жабылады.