Қазақстандық туристерге электрошокер қолданған полицейлерді жұмыстан босатты

Қазақстандық туристерге электрошокер қолданған полицейлерді жұмыстан босатты

Қазақстандық туристерге электрошокер қолданған полицейлерді жұмыстан босатты
ашық дереккөзі
Самарқанда қазақстандық туристерге күш қолданған екі полиция қызметкері жұмыстан қуылды деп хабарлады turkystan.kz. Прокуратура оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 206-бабының 1-бөлігі «Билікті немесе өкілеттіктерді асыра пайдалану» бойынша іс қозғады. Еске сала кетсек, 21 мамыр күні Самарқанның ІІБ қызметкерлері қазақстандық туристерді заңсыз ұстап, электрошокер қолданған. Сонымен бірге Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін өзбекстандық әріптестеріне хат жолдап, өз азаматтарының құқығын қорғайтынын айтқан.