Павлодарлық оқушылар екі миллионға жуық пластик қақпағын жинады

Павлодарлық оқушылар екі миллионға жуық пластик қақпағын жинады

Павлодарлық оқушылар екі миллионға жуық пластик қақпағын жинады
ашық дереккөзі
Жастар арасында экологиялық мәдениет пен  табиғат тазалығы әдетін қалыптастыруға бағытталған шараға 24 мыңға жуық оқушы қатысты деп хабарлады turkystan.kz. baq.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық деңгейдегі акцияға қатысуға 185 мектептің балалары ниет білдірген. Нәтижесінде оқу жылы ішінде ұл-қыздар пластик бөтелкелердің 1 млн 800 мың данадан астамын жинап, бір жерге топтастырды. Қақпақшалар көп жиналғаны соншалық, оларды арнайы жүк машиналарымен тасымалдауға тура келді. М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипованың айтуынша, зиянды қалдық саналатын пластик қақпақшалар қайта өңдеу кәсіпорындарына тапсырылады. Жиналған қаражат көмекке зәру балалардың есепшоттарына аударылады. «Біздің мақсат – қамқорлыққа мұқтаж балаларға, мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге көмек көрсету. Сонымен қатар, бұл әрекет арқылы оқушыларды қоршаған ортаны аялауға, бір-біріне мейіріммен қарауға және жақсылық жасаудан жалықпауға баулу. Балалардың белсенділігі жоғары»,- деді Әсем Аипова. Айта кетсек, экоакция аясында 1 тоннадан астам пластикалық қалдық жиналды. Ауқымды шара соңғы төрт жыл бойы ұйымдастырылып келеді.