Үстел теннисі: Қазақстан Азия чемпионатына жолдама алды

Үстел теннисі: Қазақстан Азия чемпионатына жолдама алды

Үстел теннисі: Қазақстан Азия чемпионатына жолдама алды
ашық дереккөзі
Үстел теннисінен Қазақстан құрама командасы Алматыдағы Орталық Азия іріктеу турнирінің финалына шығып, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына жолдама алды деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Іріктеу турнирінде Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан құрамалары алдымен кіші топтарда, содан кейін жартылай финалда сынға түсті. Үздік нәтижені Иран мен Қазақстан командалары көрсетті. Түркіменстан мен Өзбекстан құрамалары қола жүлдені сарапқа салады. Қыздар арасында чемпион кубогына Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары таласса, 3-орын үшін Иран мен Қырғызстан спортшылары бақ сынайды. Осылайша, құрлықтық жасөспірімдер додасында біздің Орталық Азия аймағынан Қазақстан (ұлдар мен қыздар), Иран (ұлдар) және Өзбекстан (қыздар) командалары жарыс жолына шығады.