Екі адамды өрттен құтқарып қалды

Екі адамды өрттен құтқарып қалды

Екі адамды өрттен құтқарып қалды
ашық дереккөзі

Семей қаласында екі адамды өрттен құтқарып қалған Дәурен Жамбаев марапатталды деп хабарлады turkystan.kz.

29 мамырда Семейдегі Достоевский көшесінде орналасқан дәмхананың ас бөлмесінен өрт шыққан. Өртті бірінші болып жақын жерде тұратын Дәурен Жанбаев байқады. Көмекке ұмтылған ол 1995 және 1985 жылы туған дәмхананың екі қызметкерін құтқарып қалды.
«Қаладағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары Дәурен Жамбаев футболдан Чемпиондар лигасының финалдық ойынын тамашалап болған кезде терезеден дәмханадағы түтінді көрген. Өрт сөндірушілерге дереу хабар берген соң сол жаққа қарай жүгіріп барып, терезе мен есікті қаққан. Өз денсаулығына қауіп төнетіндігін ойламай көмекке ұмтылып, екі адамды құтқарды. Кейінірек келген өрт сөндірушілер дәмханадан төрт газ баллонын алып шыққан», - дейді қала әкімі Бақытжан Байахметов.
  Оның айтуынша, семейлік нағыз ерліктің үлгісін көрсетті. Әкім бейбіт күннің батырына Құрмет грамотасын және тоңазытқыш сатып алуға сертификат табыстады.