Астанада ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді

Астанада ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді

Астанада ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді
ашық дереккөзі
4-19 маусым күндері елордада ат жарысы маусымының ашылуына орай ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1,5 млн теңге деп хабарлады turkystan.kz. Нұр-Сұлтан қаласында 3-19 маусым күндері, «Қазанат» атшабарында жамбы ату мен теңге ілуден ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан Чемпионаты өтеді. Және де, 4 маусым күні шабандоздар тай, құнан, топ және аламан бәйге түрлерінен сынға түседі. Жамбы ату мен теңге ілу жарысына еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 150-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Жамбы ату жарысы корей, түрік және қазақ стильдерінде, ал теңге ілу ел чемпионаты 2021 жылы бекітілген жаңа ережеге сәйкес өтетін болады. Жалпы теңге ілу сайысы іріктеу сындарына 5, финалдық кезеңде 7 теңгеден қойылады. Сонымен қатар, жамбы ату және теңге ілуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты 3-6 маусымда, жастар чемпионаты 9-13 маусымда, жасөспірімдер чемпионаты 15-18 маусымда. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1,5 млн теңге. Жарыстың ашылу салтанаты аясында шабандоздар үш шақырымдық тай жарыс, алты шақырымдық құнан бәйге, топ бәйге он екі шақырым және 18 шақырымдық аламан бәйге бойынша сынға түседі. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 60-қа жуық сәйгүлік қатысады. Төрт қашықтықта өтетін бәйгенің жүлде қоры 5 млн теңгені құрайды. Жарыстың ашылу салтанаты 4 маусым күні 10:00-де. Жарыс кестесіне сәйкес чемпионаттың өту уақыты сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.