Елордада Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай Open Air концерт өтті

Елордада Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай Open Air концерт өтті

Елордада Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай Open Air концерт өтті
ашық дереккөзі

3 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толуына орай ЭКСПО көрмесінің аумағында «Менің Елім» мерекелік концерті өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Сахнада елімізге әйгілі жұлдыздар Роза Рымбаева, Ұлықпан Жолдасов, «Жігіттер» тобы, Айқын, Raim, Қуандық Рахым, Садраддин, Мансұр және Қобыланды, «Алашұлы» тобы тағы басқа әншілер өз өнерлерімен қуантты.

Іс-шарада отандық белгілі әншілер әннен шашу шашып,  елордалықтардың көңіл күйін көтерді. Жастар Мәслихатының депутаты, Еркеғали Рахмадиев атындағы филармониясының солисі Алтыншаш Мұқатаева мерекеге орай тыңдармандарға өзінің авторлық әнін шашу ретінде орындады. 

концерт

«Бұл әнім негізі өзімнің өмір жолым туралы өрбиді. Жалпы мен қаладағы барлық қоғамдық іс-шаралардан қалмауға тырысамын. Өйткені мемлекеттің өзгеруі әрбір адамның алға қойған мақсатына байланысты деп ойлаймын. Барлық отандастарды мерекемен құттықтаймын! Туымыз әрқашан желбіреп,  Әнұранымыз асқақтай берсін!» ,- деді Алтыншаш Мұқатаева. 

Сондай-ақ ол алдағы референдумнан үлкен үміт күтетінін жеткізді. «Біз секілді мүмкіндігі шектеулі адамдардан «мүмкіндігі шектеулі» деген тіркесті алып тастауын қалаймын. Себебі адамның қолынан келмейтін іс жоқ деді сөзінің соңында.

 width=

Мерекелік концертке қатысу үшін арнайы Алматыдан келген Халық әртісі Роза Рымбаева да өз құттықтауын жолдап, алдағы референдум жайлы да пікірін білдірді.

Роза Рымбаева «Рәміздер мерекесі – бұл нағыз халықтық мереке деп санаймын. Себебі біздің рәміздеріміз – ол біздің мемлекеттілігіміздің айғағы. Рәміздер күні мерекесін өсіп келе жатқан жас ұрпақ біліп өсуі керек. Оларды әрқашан дәріптеп, қуанышты мереке ретінде атап өуіміз керек. Мен де бүгінгі мерекеге әндеріммен үлесімді қосамын. Мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығымен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын!

Ал 5-і күні болатын референдум біздің еліміз үшін өте жауапты кезең. Жаңа Қазақстанда жаңа өмір бастауға қадам жасап жатырмыз. Ата заңымызға көп өзгерістер еніп, халық игілігі үшін жұмыс істейтін заңдар қабылданбақ. Мен өзім 5-і күні астанамызда референдумға қатысып, өз дауысымды беремін. Халқымды өз дауысын беріп, елдегі өзгерістерге ат салысуға шақырамын», - деді Роза Қуанышқызы.

AMANAT партиясы «Bizbirgemiz» еріктілер қозғалысының төрағасы, осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан жандардың бірі Перизат Қайраттың айтуынша, бұл мереке- мемлекетіміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейді. 

Алашұлы  «Мемлекетіміздің рәміздерін көзіміздің қарашығындай қорғауымыз керек. Бұл біздің Әнұранымыз,  Елтаңбамыз бен Мемлекет туымыз. Сондықтан біз бүгін 20-ға жуық танымал отандық әншілерді шақыртып,  азаматтардың рухын оятатын әндерді орындап беруін қаладық.  Шындығында халық концерттен мерекелік көңіл-күйде ғана емес,  патриоттық сезіммен қайтуы керек», - деді Перизат Қайрат.