Жаңалықтар

Шекарада атыс болды

ашық дереккөзі

Шекарада атыс болды

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған атыс 3 маусымда сағат 12:00 шамасында Булак-Башы ауданында басталған деп хабарлады turkystan.kz.

«Аумақтан кету талаптарын елемей, тәжік шекарашылары қырғыз әскери қызметкерлеріне оқ жаудырды. Екі ел жасақтары арасында атыс болып, оның барысында тәжік тарапы минометтерді қолданды», - деді Қырғыз Республикасының МҰҚК шекара қызметі өкілдері. Жараланғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Қырғызстан шекара қызметі өкілдері сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының қырғыз-тәжік учаскесінде шекара бөлімшелері арасындағы қақтығыс жалғасуда деп мәлімдеген.