Жаңалықтар

Референдумды қолдау мақсатында кездесу өтті

ашық дереккөзі

Референдумды қолдау мақсатында кездесу өтті

 Бір айға жуық ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, AMANAT партиясы фракциясының мүшелері  - Асқарбек Үйсімбаев,  Юлия Кучинская, Мәди Елубаев пен Марат Құсайынов Ақмола облысының аудан-аудандардағы 120 ауылды елді мекенде халықпен 200-ден аса кездесу өткізді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен 6 мыңға жуық тұрғын қамтылды. Мәжілісмендер қажетті ақпаратпен халықтың әр санатын қамтуға тырысты. Сөйтіп, қарапайым ауыл халқынан бастап, зауыт-фабрикалардың жұмысшылары, медицина, педагогика, мәдениет, ауылшаруашылығы сияқты түрлі сала қызметкерлері мәлімет алып, тарихи маңызы зор шараға қатысудың қажеттілігіне көздерін жеткізді.