Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында 180-нен астам іс-шара өтеді

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында 180-нен астам іс-шара өтеді

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында 180-нен астам іс-шара өтеді
ашық дереккөзі
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту аясында республика бойынша 180-нен астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz
«Мерекелеу концепциясына байланысты әрбір өңірде облыс әкімі жанындағы ҚР Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырыстары ұйымдастырылды. Мәдениет үйлерінде және кітапханаларда ай сайын тақырыптық бағытта іс-шаралар болып тұрады. Жыл басынан бері барлық кітапханаларда «Менің рәміздерім, менің мақтанышым» кешенді кітап көрмелері өтті. Іс-шараларға шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, жастар және үкіметтік емес ұйымдар, Amanat партиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және жастар кеңінен тартылды», - деді Нұрғиса Дәуешов.
Сонымен қатар, астананың «Атамекен» этномемориалдық саябағындағы ең биік тутұғырда Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, республика бойынша Мемлекеттік гимнді орындау флешмобы сынды маңызды іс-шаралар ұйымдастырылады. Ал, 4 маусым күні республикалық Патриоттар форумы, авто-мото шеру өткізу жоспарланған. Айта кетсек, елордада «Мемлекеттіліктің рәміздері» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.