Референдум. Бюллетеньдер учаскелерге жеткізілді

Референдум. Бюллетеньдер учаскелерге жеткізілді

Референдум. Бюллетеньдер учаскелерге жеткізілді
ашық дереккөзі
Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау учаскелерінің референдум күні дауыс беруге дайындығы туралы айтылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Әріптестеріміздің ақпаратына сәйкес, учаскелік комиссиялар дауыс беру күніне дайын. Бюллетеньдер учаскелерге жеткізілді. Оның қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Сондай-ақ, азаматтар есептен шығару куәлігін алып, басқа дауыс беру учаскелеріне әлі де тіркеліп жатыр.
«Әрбір өңірдің, облыстың өз дерегі бар. Дегенмен, ертең кешкі сағат 18.00-ге дейін куәлік алуға болады. Осы референдумға дауыс беру құқығы бар азаматтарымыз дауыс беру үшін учаскелерге жүгініп, есептен шығару куәлігін алып, өздеріне ыңғайлы учаскеде дауыс бере алады. Орталық референдум комиссиясы, еліміздің барлық өкілетті органдары референдум жайында ақпараттандыру үшін бәрін жасады. Сонымен қатар электронды жүйені пайдаланып, тізімнен өзін тексеру мүмкіндігін берді», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.