Референдумда шетелдегі 11 мыңнан астам азамат дауыс береді

Референдумда шетелдегі 11 мыңнан астам азамат дауыс береді

Референдумда шетелдегі 11 мыңнан астам азамат дауыс береді
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Ресейдегі Бас консулдықтары жанынан дауыс беру учаскелері ашылады деп хабарлады turkystan.kz referendum2022.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары Ресейдің 5 қаласында – Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыда дауыс бере алады. Дауыс берушілер тізіміне қосылу үшін белгіленген үлгідегі құжатты толтыру керек. Сондай-ақ, дауыс беру учаскесіне барғанда төлқұжат немесе жеке басын растайтын куәлік болуы тиіс. Жалпы, референдумда 11 мыңнан астам қазақстандық шет мемлекеттерде дауыс береді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Жалғас Әділбаев айтты. «Сыртқы істер министрлігі 52 шет мемлекетте 65 учаскелік референдум комиссиясын құрды. Аталған комиссиялардың барлық 325 мүшесі қашықтан оқытудан өтіп, Республикалық референдумның құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру бағдарламасы бойынша арнаулы тестілеуден өтті. Қазіргі уақытта шетелдегі 11 350 азаматымыз дауыс беруге тіркелген», - деді ол. Оның айтуынша, министрлік шетелдегі барлық учаскелермен байланыс орнатқан. Дауыс беру бюллетеньдері жеткізіліп жатыр. «Қазіргі уақытта 55 учаскеміз қажетті материалдарды алды. Қалған учаскелерге бюллетень кешке қарай толық жеткізіледі деп отырмыз», - деді Жалғас Әділбаев. Ал елімізде референдумды өткізуге байланысты жан-жақты дайындық болып жатыр.