Жаңалықтар

Семейлік тұрғын емшіге сеніп, қомақты қаржысынан айырылды

ашық дереккөзі

Семейлік тұрғын емшіге сеніп, қомақты қаржысынан айырылды

Семей тұрғыны науқас қызын емшіге емдетпек болып, 210 мың теңгесінен айырылды деп хабарлады turkystan.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл мамыр айында Семей қаласы ПБ Әуезов аудандық полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны шағымданған. Ол 2017 жылдың көктемінде танымайтын әйел тері ауруына шалдыққан қызын «емдеймін» деп өзінен 210 мың теңге алғанын айтты. Бірақ, қызына емшінің «емі» қонбаған. Полицейлер 61 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Алған ақшасын кері қайтарды. Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 1-бөлігі, яғни «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.