Димаштың 3 әні әлемдік хит-парадтың ТОП-10-дығына енді

Димаштың 3 әні әлемдік хит-парадтың ТОП-10-дығына енді

Димаштың 3 әні әлемдік хит-парадтың ТОП-10-дығына енді
ашық дереккөзі
Димаш Құдайбергеннің бірден 3 әні Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадының ТОП-10-дығына енді деп хабарлады turkystan.kz. Димаштың «Okay» атты әні Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадында 8-орында тұр. Ол әнге жақында бейнеклип түсірілген еді. Одан жоғарырақ Димаштың «Fly Away» әні бар, ол 22 апта бойы ТОП-10 тізімінде тұр. Д. Құдайбергеннің «Fly Away» композициясы алғаш рет Billboard — Hot Trending Songs жаңа чартына 2021 жылдың күзінде қосылды. Кейін чартқа «Be with me» авторлық композициясы еніп, ол 24 апта бойы тізімнен түспеді. Ал биылғы қаңтарда қазақстандық әншінің аталған қос әні апталық чартта рейтингінің ең жоғарғы жолдарына – 1 және 3-орындарға көтерілді. Биыл 15 мамырда World Music Awards ресми аккаунты жеке орындаушылар арасында Billboard’s Hot Trending Songs чартында ұзақ уақыт тұратын екі әнді атап өтті. Олар: Димаштың «Fly Away» әні және Оңтүстік Кореяның дүние жүзіне танымал BTS тобының мүшесі Джиннің «Yours» композициясы.