Ерлан Қарин Конституциялық реформалардың маңызын түсіндірді

Ерлан Қарин Конституциялық реформалардың маңызын түсіндірді

Ерлан Қарин Конституциялық реформалардың маңызын түсіндірді
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Ата Заңымызға қандай өзгерістер енгізілетінін айтып, оның ел дамуындағы маңызын түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Конституциялық реформалардың ең басты маңызы – саяси институттар арасындағы қарым-қатынасқа оптималды баланс орнату. Мысалы, Парламенттің статусын арттыру, Есеп комитетінің Жоғарғы аудиторлық палата болып өзгертілуі. Бұл Палатаның төрағасы жылына 2 рет Парламент алдында есеп береді. Бұл бюджеттің игерілуін қадағалау функциясын күшейтуге бағытталған», - деді Ерлан Тынымбайұлы «Хабар» арнасының тележүргізушілеріне берген сұхбатында.
Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Конституциялық соттың атқаратын қызметін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Конституциялық сотқа кез келген азамат шағымдана алады. Адам құқықтарына ие уәкіл конституциялық статусқа ие. Ол қандай да бір мемлекеттік органға тәуелді болмайды. Сөз соңында Мемлекеттік хатшы қазақстандықтарды референдумға белсене қатысуға шақырды.