7 қалада «Қолжетімді спорт» жобасы басталды

7 қалада «Қолжетімді спорт» жобасы басталды

7 қалада «Қолжетімді спорт» жобасы басталды
ашық дереккөзі
«Қолжетімді спорт» жобасы қала тұрғындарын әртүрлі спорт түрлеріне үйретуге бағытталған, сондай-ақ осы спорт түрлері бойынша спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік береді деп хабарлады turkystan.kz. Аталмыш жоба алғаш рет өз жұмысын қазан айының басында Нұр-Сұлтан қаласында бастау алды. Жоба 2021 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасып, 20 мыңға жуық елорда тұрғынын қамтыды. Жоба Қазақстанның 7 қаласында өз есігін қайта ашты. Олар - Нұр-Сұлтан, Алматы,  Шымкент, Семей,  Петропавл, Ақтау және Талдықорған қалалары. Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы мен қолдауының арқасында қала тұрғындары үшін барлық сабақ тегін өтеді. Спорт залдарында фитнес, үстел теннисі және каратэ сабақтары ұйымдастырылған. Жүгіру және скандинавиялық жүріс қалалардың саябақтары мен тыным бақтарында өтеді. Жобаға қатысу үшін жас шектеулері бар: - Скандинавиялық жүріс 18 жастан бастап - Фитнес 18 жастан бастап - Залдардағы үстел теннисі 18 жастан бастап - Каратэ, жүгіру 7 жастан бастап.