Туды қорлаған Shiza ән арқылы көпшіліктен кешірім сұрады (ВИДЕО)
Әнші әріптестері секілді жай видеомен шектелмеді. Өзінің жаңылыс басқанын түсініп, өкінішін ән арқылы жеткізді деп хабарлады turkystan.kz Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Shiza шағын бейнебаянын өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
«Туды қорлайтын ниет пен ой болмады. Туға қатысты арым таза. Бұл жағдай маған ғана емес, бәріне сабақ болды. Менің қателігім сахнаға мас күйде шыққаным»,- деп жазды әнші.
Сондай-ақ ол 25 мамыр күні өзі және Ирина Кайратовна тобының жігіттері ғана өнер көрсеткенін атап өтті. Тумен болған жағдайға қатысты толығырақ алдағы сұхбатта айтып беремін деп уәде берді.