Жаңалықтар

Алматыда Қазақстан мен Үндістан әскерилері жаттығу өткізіп жатыр

ашық дереккөзі

Алматыда Қазақстан мен Үндістан әскерилері жаттығу өткізіп жатыр

Тау дайындығы орталығында альпинистік жабдықтарды дұрыс қолдану, қозғалыс техникасы және таулы жерлерде ұрыс жүргізу тактикасы бойынша жаттығу сабақтары өткізіліп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жиынға Үндістан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілері нұсқаушы ретінде келген. «Жиынның мақсаты – әскери қызметшілердің таулы жерлерде сауатты іс-қимыл жасау қабілетін тексеру, әскери альпинистердің тау кедергілерін еңсеру дағдыларын жетілдіру, әскери қызметшілердің физикалық тұрғыда төзімділік деңгейін арттыру», - делінген ведомство мәлімдемесінде.