Алматыда Қазақстан мен Үндістан әскерилері жаттығу өткізіп жатыр

Алматыда Қазақстан мен Үндістан әскерилері жаттығу өткізіп жатыр

Алматыда Қазақстан мен Үндістан әскерилері жаттығу өткізіп жатыр
ашық дереккөзі
Тау дайындығы орталығында альпинистік жабдықтарды дұрыс қолдану, қозғалыс техникасы және таулы жерлерде ұрыс жүргізу тактикасы бойынша жаттығу сабақтары өткізіліп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жиынға Үндістан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілері нұсқаушы ретінде келген.
«Жиынның мақсаты – әскери қызметшілердің таулы жерлерде сауатты іс-қимыл жасау қабілетін тексеру, әскери альпинистердің тау кедергілерін еңсеру дағдыларын жетілдіру, әскери қызметшілердің физикалық тұрғыда төзімділік деңгейін арттыру», - делінген ведомство мәлімдемесінде. 
 width= Жауынгерлерге альпинистік жабдықтармен жұмыс істеу, таудағы жартасты және мұзды учаскелерді еңсеру бойынша тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Жиын барысында Іле Алатауының шыңдарына көтерілу жоспарланған.
 «Үндістан Қарулы күштерімен тау дайындығы саласындағы ынтымақтастық 2005 жылдан бері жүргізіліп келеді. Қазақстандық жауынгерлер үнді тарапының шақыруымен тәжірибе алмасу мақсатында 2005 жылы биіктігі 7134 метр Нун шыңына, 2010 жылы 6400 метр биіктіктегі Багератхи шыңына бірге көтерілген болатын. 2018 жылдан бері үнді әскери нұсқаушылары жыл сайын тәжірибе алмасу үшін Қазақстан Қарулы күштерінің тау дайындығы орталығына келіп тұрады», - деп толықтырады министрліктің баспасөз қызметі.
Айта кетсек, 2018 жылдан бері үнді әскери нұсқаушылары жыл сайын тәжірибе алмасу үшін Қазақстан Қарулы күштерінің тау дайындығы орталығына келіп тұрады.