Өзбекстандық қыз 20 жыл бойы ер адамның құжатымен жүрген

Өзбекстандық қыз 20 жыл бойы ер адамның құжатымен жүрген

Өзбекстандық қыз 20 жыл бойы ер адамның құжатымен жүрген
ашық дереккөзі
Өзбекстанның Қашқария облысы Дехканабад ауданында 20 жыл бойы ер адамның есімімен өмір сүрген қызға жаңа куәлік берілді деп хабарлады turkystan.kz «Народное слово» басылымына сілтеме жасап. Басылымның жазуынша, бойжеткен дүниеге келген кезде оның ата-анасына перзентханадағылар қателесіп, аты-жөні «Шафоатов Олим» деген қате анықтама берген. Осы құжат бойынша олар қызының туу туралы куәлігін алған. Кейін қателік кеткенін түсінген ата-ананың құжатты ауыстыруға мүмкіндіктері болмаған. Себебі олар тұратын ауылда құжат рәсімдейтін жақын орталық 180 шақырымда орналасқан аудан орталығында ғана болған. Осылайша, бойжеткен ер адамның есімімен қалып қойған. «Кеш болса да, бұл қателікті түзеттік. Біз оған Шафоатова Мукаддам Равшанкызы деген атпен жаңа жеке кәулік бердік. Енді жылына екі рет осындай таулы аймақта орналасқан ауылдарда мобильді қабылдау өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Дехканабад аудандық АХАЖ бөлімінің бастығы Озода Ашурова.