Жаңалықтар

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

ашық дереккөзі

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Үкімет басшысының қаулысына сілтеме жасап. «Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалсын», - делінген құжатта. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Зүлфия Сүлейменова 2020-2021 жылдары -  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған. 2021 жылғы қаңтар 2022 жылғы наурыз аралығында VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.