Алматыда 5 маусым күні көлік тұрақтары тегін болады

Алматыда 5 маусым күні көлік тұрақтары тегін болады

Алматыда 5 маусым күні көлік тұрақтары тегін болады
ашық дереккөзі
Алматыда республикалық референдум күні көлік тұрағы тегін болады деп хабарлады turkystan.kz. Alan Parking және «Алматыспецтехпаркинг» компанияларының мәліметінше, 5 маусым күні алматылықтар базарлардың жанындағы қоршалған алаңдарда орналасқан тұрақтар мен тротуар типті тұрақтар үшін ақы төлемейді. Еске салсақ, референдумға 18 жастан асқан барлық Қазақстан азаматы қатыса алады. Сайлау учаскелері Қазақстанның барлық елді мекендерінде және шетелдік 52 мемлекетте ұйымдастырылады. Ресми дауыс беру уақыты жергілікті сағат бойынша таңғы 07:00- де басталып, кешкі сағат 20:00- де аяқталады.