«Қай аға мені атқан?»: Алматыда 4 жасар қыздың муралы салынды

3 маусым, 2022 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
«Қай аға мені атқан?»: Алматыда 4 жасар қыздың муралы салынды Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханға арналған мурал салынды деп хабарлады turkystan.kz. Мурал 3 маусымға қараған түні Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында, бұрын Назарбаевтың кескіні тұрған қабырғада бейнеленген. Муралда #QazaqKoktemi мен #qandyqantar деген хэштег, сонымен бірге «Қай аға мені атқан?» деген жазу бар. Еске сала кетсек,  4 жасар қыз аға-әпкелерімен бірге дүкен іздеп жүргенде, қала орталығында оққа ұшып қаза тапқан. Тағы да оқи отырыңыздар: Алматыдағы Айкөркем Мелдеханға арналған мурал өшірілді