Қазақстанда TikTok өкілдігін ашу ұсынылды

Қазақстанда TikTok өкілдігін ашу ұсынылды

Қазақстанда TikTok өкілдігін ашу ұсынылды
ашық дереккөзі
СІМ TikTok компаниясына Қазақстанда өкілдігін ашуды ұсынды. Бұл туралы Шығыс Еуропадағы TikTok өкілдігінің директоры Олег Соколов СІМ-нің орынбасары Алмас Айдаровпен және Kazakh Invest ҰК АҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«2018 жылы іске қосылған TikTok халықаралық нұсқасы ай сайынғы әлемдік аудиториясы миллиард пайдаланушыдан асатын жетекші ғаламдық Интернет-платформалардың бірі. TikTok компаниясы делегациясының елімізге келу себебі -  білім беру, мәдениет, туризм саласындағы жобалар және Қазақстан аумағында платформаны дамытудың басқа да мәселелерін талқылау», - делінген хабарламада.
TikTok өкілдерінің ақпаратынша, қазір Қазақстанда 7 миллионнан аса пайдаланушы бар. Олег Соколов TikTok компаниясының ҚР аумағында ұлттық театрлар мен мұражайларды ілгерілетуді қоса алғанда, платформаның мәдени-танымдық контентін күшейту жөніндегі ниетін атап өтті. Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Қазақстанда компания өкілдігін ашуды қарастыруға ұсынды және компанияның елдегі бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады. Сапар аясында, Kazakh Invest ҰК АҚ және «Зерде» холдингі АҚ ұйымдастыруымен TikTok компаниясының өкілдері ҚР МСМ, ҚР АҚДМ, ҚР ЦДИАӨМ, ҚР БҒМ және тағы басқа органдардың басшыларымен кездесулер өткізді.