12 жыл бұрын жоғалған бала Мәскеуден табылды
12 жыл бұрын жоғалған бала Мәскеуден табылды
12 жыл бұрын жоғалған бала Мәскеуден табылды деп хабарлады turkystan.kz «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап.
Жақында Мәскеудегі ХҚК қызметкері жасөспірімге төлқұжат алу үшін құжаттарды рәсімдеу барысында баланың ұрланғаны және федералды іздеуде екендігін анықтайды. Ақпараттың шынайылығына көз жеткізген қызметкер бірден полицияға хабар берген.
Дереу келген жедел уәкілдер баланың шамамен 12 жыл бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы Павел екенін анықтаған.
«Полиция бөліміне федералды іздеуде жүрген 2007 жылы туған Павел К. жеткізілді. Бала 2010 жылы жоғалған. Ол кезде бала небәрі үш жаста болған. Ақпаратқа сүйенсек, оны әкесі ұрлап кеткен, кейіннен РФ Қылмыстық кодексінің 126-бабы «Адам ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді құқық қорғау органдары.
Белгілі болғандай, әкесі ұлын Минск қаласына апарып, 12 жыл бойы сонда тұрған.