Жаңалықтар

Украинадағы қақтығысқа қатысқан қазақстандық 9 жылға сотталмақ

ашық дереккөзі

Украинадағы қақтығысқа қатысқан қазақстандық 9 жылға сотталмақ

Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін Қазақстан азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz. «Қазіргі ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Қазақстан азаматына қатысты оның Украина аумағындағы әскери қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға қатысқаны туралы ақпарат түсуіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы «Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу» қылмыстық істі тергеп жатыр», - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер. ҰҚК, сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын атап өтті.