Ақтауда жасөспірім суға батып кетті

Ақтауда жасөспірім суға батып кетті

Ақтауда жасөспірім суға батып кетті
ашық дереккөзі
Ақтаудағы Приморский ауылы маңындағы жағажайда 1 жасөспірім суға батып мерт болды деп хабарлады turkystan.kz. Тағы екі баланы тұрғындар аман алып қалған. Қайғылы оқиға туралы хабар құтқарушыларға 2 маусым күні, сағат 17:13-те түскен.
«Куәгерлер Приморский тұрғын үй алабына қарама-қарсы орналасқан жағажайда 17 жастағы жасөспірімнің суға батып кеткенін айтты. Тағы екі баланы куәгерлер құтқарып алған. Қазіргі таңда оқиға орнында сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр»,- деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.