Тоғжанов сахна әдебін сақтамаған әншілер туралы айтты

Тоғжанов сахна әдебін сақтамаған әншілер туралы айтты

Тоғжанов сахна әдебін сақтамаған әншілер туралы айтты
ашық дереккөзі
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сахнада бейәдеп көрсетіп, Туға құрметсіздік көрсеткен әнші «Ирина Кайратовна» тобы мен Shiza-ға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ол бүгін Astana Hub-та жастармен кездесу барысында айтты.
«Ашығын айтқанда, ұят жағдай болды. Олар жазаларын алды. Әкімшілік жазаға тартылғанын бәріңіз білетін боларсыздар. Мұндай мәселеге ешқандай мемлекеттің басқаша көзқарасы болмайды. Оны әр азамат білуі керек», - деді Тоғжанов.
Ол Тудың мәні мен мағынасын, маңызын бәрі түсінуі керегін айтты.
«Бабаларымыз осы кең байтақ жерімізге туды тігіп, сақтап қалған. Оны әр уақытта есімізде ұстауымыз керек. Тудың қадірін кешегідей жағдай болғанда ғана емес, әрдайым біліп жүруіміз қажет», - деп түсіндірді ол.
Үкімет мүшесімен кездесуге Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері, Президенттік Жастар кадрлық резерві, жастар ұйымдарының өкілдері, жас кәсіпкерлер, жас ғалымдар және белсенділер қатысты.