Елордалық балалар тісін жекеменшік клиникаларда тегін емдете алады

Елордалық балалар тісін жекеменшік клиникаларда тегін емдете алады

Елордалық балалар тісін жекеменшік клиникаларда тегін емдете алады
ашық дереккөзі
Елордада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балаларға күлкі сыйла» акциясы өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 16 маусымға дейін жалғасатын осы акция барысында 18 жасқа дейінгі балалар жекеменшік стоматологиялық клиникаларда тістерін тегін қаратып, емдете алады. Медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының бастамасымен өткізіліп жатқан бұл акцияға Қор базасындағы жекеменшік стоматологиялық клиникалар қатысуда. Тізімді мына сілтеме бойынша қарауға болады: https://fms.kz/kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек тегін көрсетіледі. Олардың арасында терапевтің қабылдауы, тісті жансыздандыру, жақтың немесе тістің рентгенографиясы, химиялық материалдардан пломба салу, пульпит пен перидонтитті емдеу, тісті хирургиялық жолмен жұлу, гипоплазия кезінде тістің анатомиялық пішінін толық қалпына келтіру, т.б. қызметтер кіреді», - деді КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Стоматологиялық көмек пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауы негізінде жүзеге асырылады, яғни учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді.