Қазақстанда 9 су қоймасы салынады

Қазақстанда 9 су қоймасы салынады

Қазақстанда 9 су қоймасы салынады
ашық дереккөзі
Елімізде 2025 жылға дейін қосымша су көлемін қамтамасыз ету үшін 9 жаңа су қоймасы салынады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Еліміздегі 8 су шаруашылығы бассейнінің 7-еуі – трансшекаралық. Су жеткізуде климаттық факторлардан бөлек, транасшекаралық елдердің су шаруашылығы тәжірибесі әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда су экожүйелерінің қажеттілігі қалдық принципі бойынша қанағаттандырылады. Арал мен Балқашқа қатысты проблеманың басты себебі осында. Елімізде суды пайдалану тиімділігі төмен. Айталық, бір өнімге Ресей мен АҚШ-қа қарағанда 3 есе, ал Австралияға қарағанда 6 есе көп су жұмсалады», - деді Серік Қожаниязов елордада өтіп жатқан «ECOJER» ІІ халықаралық экологиялық конгресі барысында.
Сондай-ақ вице-министр су шаруашылығына қатысты мәселелер «Жасыл Қазақстан», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобалары және 2025 жылға дейінгі агроөнеркәсіптік кешен аясында шешілетінін атап өтті.
«Қосымша су көлемін қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін су қоры 1,7 текше шақырымды құрайтын 9 жаңа су қоймасы салынады» деп толықтырды спикер.
Одан бөлек, министрдің орынбасары Президенттің тапсырмасына сәйкес жаңа Су кодексін әзірлеу бойынша жұмыстардың жүріп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, жаңа Су кодексі еліміздегі су ресурстарын сақтауға және оны үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.