Банктің жалған қызметкері ақтөбелік тұрғынды 22 млн теңгеге алдап кетті

Банктің жалған қызметкері ақтөбелік тұрғынды 22 млн теңгеге алдап кетті

Банктің жалған қызметкері ақтөбелік тұрғынды 22 млн теңгеге алдап кетті
ашық дереккөзі
60 жастағы ақтөбелік тұрғын банктің жалған қызметкеріне 22 млн теңгесін берген деп хабарлады turkystan.kz Ақтөбе облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«30 мамырда белгісіз ер адам өзін банктердің бірінің қызметкерімін деп тұрғынға хабарласқан. Алаяқ мұндай операцияның қалыпты екенін айтып, банк шотын алаяқтардан қорғауды ұсынады. Егде жастағы тұрғын SMS хабарлама арқылы қызметкерге кодты айтады. Кодты алғаннан кейін алаяқ оның картасынан барлық соманы басқа банк шотына аударған», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізіп жатыр.