«Келінді түртпектейді»: Жанар Айжанова елдегі енелер мәселесін көтерді

«Келінді түртпектейді»: Жанар Айжанова елдегі енелер мәселесін көтерді

«Келінді түртпектейді»: Жанар Айжанова елдегі енелер мәселесін көтерді
ашық дереккөзі
Әншілігімен қатар актерлік шеберлігімен танымал Жанар Айжанова қазақ қоғамында кездесетін енелер жайлы мәселені көтерді деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы ол «Қызық Live» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.
Бұрын енелер мектебі деген болған. Енелер келіндерге бәрін өзі үйрететін. Келін екі жыл ата-ененің қасында болған. Екі жылда сол шаңыраққа үйренген. Жас жұбайлардың бөлмесіне қайын жұрты кірмеген. Мен ешқашан жеңгем мен ағамның бөлмесіне кіріп көрмеппін. Қайындары да, қайын жұрты да келіннің төсегіне жақындамаған. Қазақта енелер мектебі деген үлкен мектеп, – дейді Айжанова.
Сондай-ақ ол қазіргі енелер үлгі көрсетпек түгілі, келінді түртпектеп, керісінше ұлын қызғанып, өздері ажырасуға себепші болатынын айтады.
Қазіргі енелердің біліксіздігінен, сауатсыздығынан қанша шаңырақ ортасына түсті. Қазіргі енелер ұлын келінінен қызғанады. Соның айтқанын істеп қоя ма деп қорқады. Керісінше ұрыстырады. Бұл дұрыс емес. Келінді келгеннен түртпектейді. Төмендетеді. Келін келген үйге сіңіп кетуі үшін уақыт керек, – дейді әнші.