Қазақстанда онлайн-микрокредит беру тәртібі күшейді
Қазақстанда онлайн-микрокредит беру тәртібі күшейді
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-микрокредиттер берген кезде қарыз алушыларды идентификаттау тәртібін күшейтті деп хабарлады turkystan.kz
«Онлайн-микрокредит беру үшін төмендегі үш тәсілдің бірімен клиентке индентификаттау керек. Олар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы, Ұлттық банкінің Сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының сервисі арқылы қарыз алушыны биометриялық идентификаттау және қарыз алушының дербес деректерін екіфакторлық тексеру және бейнелеу арқылы. Сонымен бірге, биыл қаңтардан бастап микроқаржы ұйымдары клиент көрсеткен абоненттік нөмірді мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруға міндетті», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, клиент берешегі бар-жоғын тексеру үшін «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-тан, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-дан өзі туралы кредиттік есепті сұрата алады.