«Әкіммен ғана сөйлесем»: ақтөбелік тұрғын мұнараға шығып алды (ВИДЕО)

«Әкіммен ғана сөйлесем»: ақтөбелік тұрғын мұнараға шығып алды (ВИДЕО)

«Әкіммен ғана сөйлесем»: ақтөбелік тұрғын мұнараға шығып алды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны байланыс желісі мұнарасына шығып, өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқан. Ол туыстарымен сөйлесуден бас тартып, тек ауыл әкімін тыңдауға келіскен деп хабарлады turkystan.kz «Мой город» сайтына сілтеме жасап. Оқиға Қаратоғай ауылында болған. Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 1 маусымда сағат 14:30-да Мәртөк аудандық өрт сөндіру бөлімі пультіне ер адам байланыс желісі мұнарасына шығып, өзіне қол жұмсаймын деп қорқытып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына облыстық ТЖД қызметкерлері, құтқарушылары, дәрігерлер мен полицейлер барған. Сол жерде Қаратоғай ауылының тұрғыны 25 метрлік байланыс желісі мұнарасына шығып алып, өзіне қол жұмсайтынын ескерткен. «Ол әкесі, әйелі, қызы және қызметкерлермен сөйлесуден бас тартқан. Ол тек ауыл әкімі Руслан Байсағызовпен сөйлесуге келісті. Ол өз өмірін қатерге тігіп, жоғарыға жалғыз көтеріліп, құтқарушылар оған жақындауы үшін ер адамның назарын басқа жаққа аударған», - деп жазды өңірлік сайт тілшілері. Сағат 17:17-де құтқарушылар ер адамға жақындап барып, оны темір құрылымға кісендеп үлгерген, кейін альпинистік құрал көмегімен оны түсіріп, учаскелік инспекторға тапсырған. Әзірге оның әкіммен не туралы сөйлескісі келгені белгісіз.