Kaspi.kz қосымшасында референдум туралы хабарландыру іске қосылды

Kaspi.kz қосымшасында референдум туралы хабарландыру іске қосылды

Kaspi.kz қосымшасында референдум туралы хабарландыру іске қосылды
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар Kaspi.kz қосымшасында өзі  дауыс беретін сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын таба алады деп хабарлады turkystan.kz.   Егер сайлау учаскесі жоқ болса, байланыс орталығының телефон нөмірі автоматты түрде көрсетіледі. Сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.
«Жақында біз қазақстандықтарға референдумда дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тікелей смартфоннан білуге ​​мүмкіндік беретін "Референдум" қызметін іске қостық. 5 маусымда бәріміздің болашақ ұрпақ үшін жаңа Қазақстанды құруға дауыс беретін бірегей мүмкіндігіміз бар! Біз Kaspi.kz командасы мемлекетке түрлі қызметтерді әрбір азаматтарға қолжетімді етуге көмектесу мен сүйікті тұтынушыларымыздың өмірін жақсартатын инновациялық қызметтерді жасауды жалғастырамыз»,- деді Kaspi.kz басшысы, әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.
Айта кетсек, бұл сервисті ҚР Орталық референдум комиссиясы, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасап шығарды. Қазіргі кезде Kaspi.kz суперқосымшасын ай сайын 12 миллионға жуық адам пайдаланады.