Украина құрамасы Шотландияны жеңіп, жолдамаға жақындай түсті

Украина құрамасы Шотландияны жеңіп, жолдамаға жақындай түсті

Украина құрамасы Шотландияны жеңіп, жолдамаға жақындай түсті
ашық дереккөзі
Футболдан Украина құрамасы Катарда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алуға бір табан жақындай түсті. Александр Петраков футболшылары кеше түнде Шотландия құрамасын жеңіп, аталған турнирдің іріктеу кезеңінің финалына шықты деп хабарлады Turkystan.kz.  Глазгодағы Хэмпден Парк стадионында өткен ойында Украина құрамасы 1:3 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапында Андрей Ярмоленко (33-минут), Роман Яремчук (49-минут) және Артем Довбик (90+5-минут) мергендігімен көзге түсті. Ал «кельттер» сапында Каллум Макрегор (79-минут) гол соқты. Енді Украина құрамасы 5 маусым күні финалда Уэльспен кездеседі. Жеңіске жеткен команда Катардағы футбол тойына жолдама алады.